АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Барынша сабырлы болған жөн»: ресейлік дәрігер коронавирустың қашан бәсеңдейтінін айтты (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Ресейлік дәрігер Александр Мясников «Соловьев. Live» бағдарламасында коронавирустың шамамен қашан беті қайтатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Коронавирус менің ойымша, бір айдан кейін, сәуір айының ортасына қарай аяқталды», — дейді Мясников.
Оның айтуынша, коронавирус маусымдық құбылыс болып табылатын жіті респираторлық ауруды тудырады. Сондай-ақ, Мясников коронавирустың күзде қайталануы әбден мүмкін екенін атап өтті

Оның айтуынша, әзірге медицинада вирустың берілу жолдары белгісіз. Ол сондай-ақ, пандемия төңірегіндегі үрейді негізсіз деп атады, алайда карантин енгізудің маңыздылығын атап өтті.

«Бәрі өтеді. Уайымдамаңыздар. Барынша сабырлы болған жөн. Себебі үрей — ешкімге көмектеспейді», — дейді Александр Мясников.

 

 

[:]