Бұған депутаттың “Қазақтың жігіттері намысты болса, қазақтың қыздары Саинаның бойында жезөкше болып тұрмас еді” деген сөзі себеп болған.

Журналист Тоқтар Жақаш Facebook-тегі парақшасына әріптесі Нұрымжан Мауытов жариялаған, атышулы қоғам белсендісі Серікжан Біләштің Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханға қарата айтқан видеоүндеуін бөлісті, деп жазды paryz.kz.

“Әй, Серікжан-ай! Тауып айтасың ғой! Риза болдым! Өтірік ақылдымсып, ділмәрсыған Тілеуханға сауап бопты! Осылар намысты болса, қазақ сәләфит болмас еді!” – дейді Тоқтар Жақаш.

Бұған депутаттың «Қазақтың жігіттері намысты болса, қазақтың қыздары Саинаның бойында жезөкше болып тұрмас еді» деген сөзі себеп болған. Соны бетке басқан Серікжан Біләш қызды-қыздымен билік басындағы атқамінерлердің бәрін “қандықол” деп бір шыбықпен айдады.

“Боратқа ренжімеңдер! Қайталап айтамын, Боратқа ренжімеңдер! Ана бір кісі бар ғой, “Қазақтың жігіттері намысты болса, қазақтың қыздары Саинада тұрмайтын еді, ді-тіт-ті-тіт” деген. Мен соған айтамын, қазақтың депутаттары намысты болса, қазақтан жезөкше қыз шықпас еді! Соны дұрыстайтын қолыңда құзіретің, билігің болып тұрып, сендер дұрыстай алмағанда, мәу деп дауысы шықса, біреуге алайып қараса сотталып кететін қазақтың ауылда жүрген жай қарапайым жігіттеріне кінә артпа! Ол жігіттерде кінә жоқ! Кінәнің бәрі сол қансорғыштардың, вампирлердің, қазақты теспей соратындардың жақтаушысы, үгітшісі болған сендерде! Қазақтың атқамінерлері намысты болса, қазақ осы күнге қалмас еді. Сендердің барлықтарың қандықолсыңдар! Сендердің барлықтарың ұлттың алдында кінәлісіңдер!” – деп салды ол видеода.

Рубрика: