АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Барлық жерде тек белдемшені айтады»: Мектепте өз-өзіне қол жұмсаған балаға қатысты қауесетті жоққа шығарды[:]

[:kz]

Алматыда Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған болатын. Өзге оқушылардың ата-аналары баланың мектепте өткен баллдан кейін суицид жасағанын айтқан. Алайда мектептің баспасөз қызметіндегілер бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «КТК» арнасының жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға мектеп аумағында болмаған. Желіде тараған қауесеттің барлығын мектеп қызметкерлері жоққа шығарды. Солардың қатарында баланың мектеп балына белдемше киіп келгені де бар. Өзге оқушылардың ата-аналары баланы осы жағдайдан кейін психологқа алып барғанын айтады. Марқұмның анасы пікір білдіруден бас тартқан. Қазір полицияда «Өз-өзіне қол жұмсауға дейін апару» бабы бойынша тергеу басталған. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. 

 

«Бұл кеш емес, мектепішілік ісшара. Бізде мұндай шаралар аптасына екі-үш рет болып тұрады. Ісшара түстен кейін, 15:00-де болған. Ал оқушының белдемше киіп келгені өтірік. Барлық жерде тек белдемшені айтып жатыр. Сонымен қатар оқушыны психологқа алып бармаған. Бізде баланы қолынан жетектеп, психологқа апармайды. Маман балалармен тұрақты байланыста болады», — деп мәлімдеді Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі баспасөз қызметінің өкілі Жанар Адамбаева. 

Айта кетейік, бұған дейін Назарбаев Зиятркелік мектебінің 8-сынып оқушысы өз-өзіне қол салғаны туралы хабарлаған едік. 
 

 

[:]