АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Балғынбек Имашев: Садақаға берген 5 мың теңгем бір күнде 500 мың болып қайтты[:]

[:kz]

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев садақаның сауабы жайлы айтып, басынан өткерген естелігін бөлісті. 

Бұл туралы айтыскер «The эфир» бағдарламасында айтты.

Айтыскердің айтуынша, садақа берудің сауабы мол. Дінімізде садақаның сауабы мол болатыны айтылған. Осы ретте Имашев өз басына өткерген жайтты баяндады. 

«Қыркүйектің 5-і күні Астанада мешітте намаз оқып шығып келе жатсам, екі қарындасымыз жүгіріп келді. Мектеп оқушысы. Олардың жағдайы нашар екенін бұрыннан білетінмін. Үйіне барып, көзіммен көріп, азын-аулақ көмегімізді беріп жүрдік. Кейде көмір түсіріп беретінбіз, кейде тамақ алып бердік. Ол отбасына көптен бармай кеткен едім.

Мешіттен сол екі қыз мені танып жүгіріп келді. Мешіт маңында қайыр сұрап үретін еді. Қал-жағдайларын сұрадым. Олар оқу жақындап қалғанымен, әлі қағаз-қалам алмағанын айтты.

Бұл сөз маған ауыр тиді. Қалтамдағы 5 мың теңгені бердім. Көлігімен келіп отыр едім, Айнұр Тұрсынбаева хабарласып қалды. Бір айтыскердің келмей қалғанын, соның орнына айтысуды сұрады. Мен келістім. Сол айтыста 500 мың теңге ұтып алдым. Басбәйгені ұттым

Садақаның сауабы сол күні-ақ еселеніп қайтқанын білмедім. Кейін Айнұр айтқанда есіме түсті», — дейді айтыскер.

Айтыскер хадиске сүйене отырып, садақаның сауабы 10 еселеніп, 700 есеге дейін көбейіп қайтатынын қайтатынын айтты. 

stan.kz

[:]