ШҚО-да адамдарға қасқыр шапты. Ел шекарасында орналасқан Күршім ауданы Маралды ауданына кірген түз тағысы бір үйдің екі адамын талап тастады

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

“Мал қарайтын қорадан үлкен қасқыр шыға келді де маған тарпа бас салды. Мен ұлыма “қаш” дедім. Ол қашып барып, қайтып келді. “Сені талап тастайды” деді. Сол кезде қасқыр менің қолымды қауып алды да, балаға жүгірді”, – деді ауыл тұрғыны Әсем Бексайынова. 

8-сыныпта оқитын ұлын ертіп малын қарауға шыққан ерлі-зайыпты қасқырдың келгенін байқамай қалған. Әйелі мен ұлына тарпа бас салған жыртқышты отағасыайыр шаншып өлтіріпті. 

Қасқырдың денесі өртеліп көмілді. Бас сүйегі ветеринарлық сараптамаға жіберілген. 

Ауыл тұрғындары жыртқыштардың бір апта бұрын өзге үйдің малына шапқанын айтады. 

Соңғы оқиғадан кейін балалардың қауіпсіздігі үшін екінші ауысымда оқитын оқушылар бірінші ауысымға ауыстырылды.

Қазір зардап шеккендер Күршім аудандық ауруханада емделіп жатыр.

Рубрика: