АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Балаларына кетті»: Ақбота Айдарқұлова күйеуін бірінші отбасына жіберген[:]

[:kz]

Отандық танымал әнші Ақбота Айдарқұлова жаңа жыл қарсаңында күйеуін бірінші отбасымен демалып қайтуға жіберген. Дәурен Айдарқұлов алғашқы некесінде туған балаларымен елордада көңіл көтере уақыт өткізіп жатыр. Алайда, жаңа жылды көпбалалы әке Алматыда өзінің қазіргі жанұясымен бірге қарсы алатын болады деп жазады KAZ.NUR.KZ «ShowNewsKZ» бағдарламасына сілтеме жасап.

 
 
Фото: Instagram/daurenaidarkulov. KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/daurenaidarkulov. KAZ.NUR.KZ

Ақбота Айдарқұлова жолдасының бірінші отбасымен уақыт өткізуіне еш қарсылық танытпай, керісінше, қолдау білдіреді.

«Ол астанаға кетті, балаларына, бірінші отбасының қасында жүр. Жақында Алла қаласа келеді Алматыға. Жаңа жыл жайлы айтатын болсақ. Бірінші жанұясының өз шаруалары мен жұмыстары бар. Олар мүкін сол Нұр-Сұлтан қаласында қарсы алады. Ал біз өзімізбен бірге Алматыда ата-ене, бала-шағамен ғой» , — деді Ақбота Айдарқұлова.

Айта кетерлігі, Дәурен Айдарқұлов елордада перзенттерін қыдыртып қана қоймай, олардың жаңа жылдық шыршасына да қатысқан.

Бұған дейін, Ақбота Айдарқұлова сол кезде отбасылы болған сүйіктісі Дәурен Айдарқұловпен махаббаты қалай басталғанын айтып берген болатын.

Оған қоса, «Кешью» арқылы көпшілікке танылған ару келін болып түскенде өзінің ақсаусақ болып келгенін жасырмады.

 
 

[:]