АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]«Балаларыңа қарамайсыңдар ма?!»: Ернар Айдардың концертінде ашулы ана сөз сөйледі (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Әлеуметтік желіде сахнадағы әнші Ернар Айдардан микрофонды сұрап алған көрермендердің бірі концертке балаларымен келген қауымға ескерту жасады деп жазды turkystan.kz.

Ол кейбір көрермендермен бірге еріп келген балалардың дамылсыз жүріс-тұрысына шағымданған.

«Айналайын халқым, бала тудың ба, қарамайсыңдар ма?! Кафеге тойға барсаң, бала жылап жүреді. Концерт көруге келсең, балалар жүгіріп жүреді. Ұят бар ма? Суретке түскілерің келсе, концерттен кейін Ернарды 1 сағат алып қалып, 500 теңгеден төлеп, қалағанша түсіңдер. Ұят деген бар ма, сендерде өзі?!» – деді ашуға мінген ана.

Оның бұл сөзі әншіге де майдай жаққан. Орнынан тұрып, қол шапалақтап, көрерменіне алғысын білдірді.

 

[:]