АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Балаларға ауру таратып жатыр»: министрлік жұртты дүрліктірген аудиожазбаға қатысты пікір білдірді[:]

[:kz]

 

Азаматтарды мұндай жалған ақпараттарға сенбеуге, тек мемлекеттік органдардың ресми парақшаларында жарияланған жаңалықтарды оқуға шақырамыз.

Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кезекті фэйк-ақпараттардың пайда болғанын айтып, халыққа оның жалған екенін ескертті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған аудиохабарламада ауыз судың қасақана уланғаны, оны ішкен балалардың жаппай ауыратыны, сонымен қатар, қонақ үйлердің арнайы емдеу орталықтарына ыңғайланғаны, ол жерлерге балаларды емдейтін вирусолог-дәрігерлердің жаппай келіп жатқаны туралы айтылады.

«Азаматтарды мұндай жалған ақпараттарға сенбеуге, тек мемлекеттік органдардың ресми парақшаларында жарияланған жаңалықтарды оқуға шақырамыз. Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды осы салаға байланысты қабылданып жатқан шешімдерден, соның ішінде Бас санитар дәрігердің коронавирустық инфекцияны емдеу хаттамасына енгізетін өзгерістерден шұғыл хабардар етіп отырады. Ақпараттың барлығы қолжетімді», — делінген министрлік таратқан хабарламада.

[:]