Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жексенбі күні қала көшелерін қоғамдық көлікпен аралады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Instagram парақшасында қаладағы қоғамдық көліктердің бірінде баласымен бірге отырған суретін жариялаған қала басшысы Алматыдағы қоғамдық көліктердің хал-ахуалын айтып өткен.

“Жексенбілік кешті балалармен Панфиловта өткізуді жөн көрдім. BRT желісіндегі 205 автобусты күтіп тұрып, аялдама маңдайшасында бұл автобус кестесінің жазылмағанын аңғардым. Сонымен автобус электрондық кестеге сәйкес уақытында келді” деген Бауыржан Байбек қала тұрғындарының көтеріңкі көңіл күйде екенін жазыпты.

Сонымен қатар, Бауыржан Байбек өз жазбасында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келген сапарында  тағы да екі метро аялдамасын соғу үшін республикалық бюджеттен қосымша 2 миллиард теңге бөлуді тапсырғандығын да айтқан.

 

«Қамшы» сілтейді

Рубрика: