АЛТЫНОРДА
Блог Серика Малеева

[:kz]Ажырасу. Әйелінің тегі. III-ші бөлім. Ашық тонау[:]

[:kz]

Бұл оқиғаның бас кейіпкері Боранәлі Ақпанбет еді. Заңсыздықтың құрбаны, бұрынғы әйелі Айнұрға жем болмау үшін құрдымға кетпестің күнімен жағадан тал қармаған. Айнұрдың өзі бар, дөкей туыстары, бұрын ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментінің директоры болған Жетібаева Әлия мен Күреңбеков Бақыт бар. Бәрінің сондағы бар әрекеті – бұған түк ұстатпай, тыр жалаңаш үйден қуып шығу.

Бірақ отбасылық бизнесті өркендетемін деп өзінің бір жарым миллиард теңгесін салып, оның үстіне тағы талай ақшаны қарызға алған Боранәлі Ахпанбет енді бұл үйден тыр жалаңаш кете қалғысы келмейді. Оның сұрайтыны бір ғана нәрсе: – Менің шығындалып кеткен ақшамды қайтарыңдар, болды, кетемін сосын, — дейді ол әйелі мен оның туыстарына.

Қызық осы жерден басталады. Сот Боранәлі Ақпанбеттің жағына шығып, арызданушының шығындары қайтарылуы тиіс деген үкім шығарады. Бұған көнгендей күй танытқан қарсы тарап ендеше қарызымызды есептеп көрейік деп, аудиторлық тексеру тағайындап жібереді. Міне, осы жерге дейін бәрі әділ жолмен келе жатқан еді. Бәрін құртқан сол аудиторлық тексеру болады.

Неге екенін, аудиторлар Жетібаевтар отбасының миллиондаған кредитін жабуға кеткен Боранәлі Ақпанбеттің шығындарын елемейді. Боранәлінің қалтасынан Айнұрдың әпке-сіңлісі Әлия мен Венераға Алматы мен Нұр-Сұлтаннан сатып алынған екі пәтерін, «Бөкен — Жәнібек» базарын жаңартуға жұмсаған ірі шығындарын жоққа шығарады бұл біртүрлі аудит. Барлық чектер, шот-фактуралар мен орындалған жұмыстардың актілері Боранәлінің қолында бар екенін ескермейді.

Ал енді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері Боранәлінің інісі Бегәлі Елтерековтың Ақтау орталығындағы сауда орталығын заңсыз жолмен қалай тартып алғаны туралы бұған дейін жазған едік:

Ажырасу. Әйелінің тегі. Бір отбасының қылмыстық оқиғасы

(https://www.altyn-orda.kz/kz/azhyrasu-ajelinin-tegi-bir-otbasynyn-kylmystyk-okigasy/)

Ажырасу. Әйелінің тегі. II бөлім. Отбасылық дауға ҰҚК араласты

(https://www.altyn-orda.kz/kz/azhyrasu-ajelinin-tegi-ii-bolim-otbasylyk-dauga-ukk-aralasty/)

Сондықтан бәрін тағы қайталап жазудың қажеті шамалы. Оның орнына әлі айтылмаған нәрселерді айтайық.

Ашықтан ашық тонау

Боранәлінің әйелі Айнұрға Алматыдан төрт бөлмелі пәтер алып бергенін бұған дейін жазған едік. Іші жиһазға толы ол үй әйгілі «Мега» сауда орталығының маңындағы тауға жақын аудандағы аса жайлы пәтер еді. Бірақ Айнұл ол үйде тұра алмады, аллергиям қозады екен деді. Сонда Боранәлі өзінің бірінші некесінен туған ұлы Аронрашид Ақпанбетке «Самал» ықшамауданындағы үйіңді берші дейді. Әкесінің өтінішін орындаған Аронрашид үйді өгей анасына босатып берді. Өзі көшіп кетті.

Боранәлі мен Айнұр ажырасуға дейін сол үйде тұрып келген еді. Боранәлі күні бойы жұмыста, әйелі үйдің шаруасымен жүретін.

Күндердің күні сол үйде қызмет ететін консьерж әйел Аронрашидке күтпеген жаңалық хабарлайды: оның үйінен белгісіз біреулер дүние-мүлік пен жиһазды, қыл аяғы газ плитасы мен кіржуғыш машинаға дейін тиіп, алып кетті.

Видео: Айнұр мен Венера Жетібаевалардың тірлігі. Консьерж түсіндіріп тұр.

Видео: Жетібаевалар бөтеннің мүлкін «Газельге» тиеп жатыр.

Кейін, сот барысында Айнұр мен Венера Жетібаевалар бұл жиһаз өздерінің ақшасына алынғанын айтып, пәтерден өзімізге тиесілі мүлікті алып кеттік дейді.

Бірақ Боранәлінің ұлы Аронрашидтің қолында осы ас үй және жатын бөлме гарнитураларын жиһаз сататын компаниядан сатып алған кезде жасасқан келісімшарты бар екен. Өзі сатып алған басқа да тұрмыстық заттарының чектері бар. Әйтпесе ол ендігі ештеңені дәлелдей алмас еді.

Іс бойынша осы құжаттарды негізге алған сот жауап беруші тарап – Айнұр және Венера Жетібаевалар келтірілген шығынды өтеп, Аронрашид Ақпанбеттің пайдасына он миллион теңге өтесін деген шешім шығарады.

Бірақ Жетібаевалар бұл соманы әлі төлеген жоқ.

Сонда дейміз, егер мұны еліміздің Қылмыстық кодексіне сай қарастырсақ, бұл ашықтан ашық тонау емес пе.

Бас прокурор не дер екен бұған?

Біржақты аудиттік тексеру, ҰҚК қызметкерлерінің араласуымен Боранәлі Ақпанбет пен оның інісі Елтереков Бегәліні алдау арқылы сауда орталығын рейдерлік жолмен тартып алу, ақыр соңы Аронрашид  Ақпанбеттің үйінен жиһаз ұрлау – бұл неғылған бейбастақтық?

Шынайы тергеу болса – бұл оқиғада ақ-қараны ажырату еш қиынға соқпайды.

Мәселе басқада жатыр. Бір тараптың жағында тергеуді тежей алатын құдіретке ие ықпалды адамдар тұр.

Сонда Боранәлі Ақпанбет осындай «құдіретті» адамдардың құрбаны болып қала бермек пе? Бүгін Боранәлі, ертең тағы біреу осындай «ықпалдыларға» жемтік бола ма?

Тіпті Боранәлі сияқты біршама беделі мен мүмкіндігі бар адам бұл елде әділдікке қол жеткізе алмаса, онда миллиондаған қарапайым қазақстандықтар туралы не айтуға болады?

Бұл енді баршамызға, барлық қазақстандықтарған қойылар сұрақ. Біз қандай мемлекет құрмақпыз, өзі?

Әділдік емес, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық, күштілер заңы билейтін мемлекет пе?

Әлде, әлеуметтік жағдайы мен дәрежесіне қарамастан елдің әрбір азаматы заң мен құқықтың күшіне сенім арта алатын әділетті мемлекет керек пе бізге?

Қазіргі Қазақстанда көп мәселе көп жағдайда нақты бір тұлғаға келіп тіреледі. Мәселен, елдің Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов бар.

Боранәлі Ақпанбет пен Елтереков Бегәлінің ісі нақты осы жағдайда қазақстандық әділдіктің қай бағытты таңдайтынын көрсетіп бермек.

А бағыты). Заң алдында бәрі бірдей деген. Құқықтық мемлекет құрамыз ба деген шынайы үміті бар.

Немесе Б бағыты). Онда заңның орнына ақша мен дәреже, күш жүреді. Ондай мемлекетте бәрі мүмкін болады. Жемқорлық та, тонау да. Тіпті зорлық пен кісі өлтіруді ақтап алуға дейін.

Осы сағатқа дейін бізге белгілі болған ақпарат.

  1. Жалған аудит бойынша Маңғыстау облысының Экономикалық тергеулер департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот сараптамалары институтының қорытындысы бойынша, аудит қорытындылары расталмады.
  2. Жеке кәсіпкерлердің қаражаттары, оның ішінде Боранәлі Ақпанбеттің бір жарым миллиондай теңгесі әлі күнге дейін жәбірленуші тарапқа қайтарылмады.
  3. Маңғыстау облысының прокуратурасы ҰҚК қызметкерлерінің қатысуымен рейдерлік жолмен сауда орталығын тартып алу ісі бойынша тергеуді тоқтатып тастады. Іс материалдарында нотариус Қымбатова қолдан жасаған ақша беру туралы құжат бойынша сараптама қорытындысы, Елтереков Бегәлінің арызы болғанына қарамастан.
  4. Аронрашид Ақпанбеттің пәтерінен ұрланған мүліктің құны (10 миллион теңге) жәбірленушіге әлі қайтарылған жоқ.
  5. Аронрашид Ақпанбеттің пәтерін тонау дерегі бойынша қылмыстық іс негізсіз тоқтатылды.

 

  1. Видео: нотариус Қымбатованың жалған құжат жасағаны туралы адвокаттың түсініктемесі.
  2. «Алтын Орда» ақпараттық агенттігінің редакциясына келсек, бұл істе біздің өз мүддеміз бар. Ертең біздің балаларымыз бен немерелеріміз Заң мен Әділдік үстем құрған мемлекетте өмір сүрсін деген үміт.
  3. Сол себепті біздің редакция бұл істі соңына дейін бақыламақ.

 

[:]