АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz] «Азаматтардың әр хатын қарастырады»: Тоқаевтың Виртуалды қабылдауы ашылады [:]

[:kz]

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Виртуалды қабылдауы ашылады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аталған жаңалықты Берік Уәли өз Facebook парақшасында жазды.

Оның сөзінше, мемлекет басшысы күн сайын әртүрлі ақпарат көздерінен өте ауқымды хабарламалар алады. Одан басқа, Президент заманауи коммуникация құралдарына – интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерге де ерекше көңіл бөледі.

Мемлекет басшысы ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев өзі үлгі көрсетіп, твиттерде — (@TokayevKZ) аккаунтын жүргізіп келеді, жақында ғана инстаграммда (tokayev_online) парақшасын ашты.»Аталған әлеуметтік желі алаңдарында халық (яғни, әлеуметтік желі қолданушылары) өздерінің сұрақтарын қойып, пікірлерін, ұсыныстарын жазып жатыр.

Жазылған пікірлердің арасында жүйелі түрде жұмыс істеуді қажет ететін өте құнды және маңызды ақпараттар да бар. Сондықтан да, Мемлекет басшысы азаматтар ресми түрде сұрау сала алатындай заңдық күші бар Виртуалды қабылдау ашуды тапсырды. Азаматтардың осы Виртуалды қабылдауға жазған әр хаты тіркеледі, келіп түскен хаттарды Президенттің өзі және Әкімшілік қызметкерлері қарастырады.

Виртуалды қабылдау Мемлекет басшысына қоғамдағы өзекті әлеуметтік маңызды мәселелерді анықтап, оларды шұғыл шешуге көмектесетіні сөзсіз», — деді Берік Уәли.

Виртуалды қабылдау Akorda.kz сайтында 2019 жылдың 22 сәуірінен бастап іске қосылады.

[:]