Қазақстандық белгілі адвокат Айман Умарова Facebook парақшасында жаға ұстатарлық жағдайдың бетін ашты. Ол Алматы қаласы Бостандық ауданында орналасқан Нұр-Мүбарак мешітінің күзетшісі 18 жастағы жігітке қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деп күдікке ілінгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Мен Бостандық полиция бөлімшесінде жүрмін. Жағдайдан абдырап тұрмын. Нұр-Мүбарак мешітінде күзетші жас жігітке жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Жас жігітіттің жеке тұғасы анықталды, бірақ оған өте қиын. Жігіт 18 жаста, оның дамуында біршама кідіріс бар, басынан өткені туралы егжей – тегжейлі айтты”, – дейді Умарова.

“Жігіттің айтуынша, “күзетші бөлмесіне шақырып, аяқ-қолын байлап, ұзақ уақыт бойы ойына келгенін істеген. Мұны бірнеше рет жасапты … Ол жас жігіттің дамуындағы кідірісті пайдаланды”, – деді Умарова.

Адвокат күдіктіні тексеру кезінде еркіндікке жібереді деп қорқады.

Сонымен қатар, Алматы полиция департаментінде аталған факті бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасына 8 шілде, бейсенбі күні арыз келіп түскенін хабарлады.

“Бұл іс сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті – 1975 жылы туған К. есімді азамат  дереу ұсталды. Қазір ол полиция басқармасында. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде”, – деді ПД.

Бұл әрекет үшін күдікті бес жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, өндіріс аясында қажетті тергеу-жедел іс-шаралар кешенін өткізу жоспарланған. ДП тергеу толықтық, жан-жақтылық және объективтілік қағидаттарына қатаң сәйкестікте жүргізіледі деп сендірді.

 

Рубрика: