24 июля, 2019 Comments Off on Ауыз су жоқ: Мейрамбек Бесбаевтың ата-анасы мен бірқатар тұрғындар наразылығын жеткізді

Ауыз су жоқ: Мейрамбек Бесбаевтың ата-анасы мен бірқатар тұрғындар наразылығын жеткізді

Мейрамбек Бесбаевтың ата-анасы мен бірқатар тұрғындар су жоқ деп наразылығын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаевтың ата-анасы Қарасай ауданында тұрады. Олар жұртпен бірге жан ұшырып сусыз отырғандарын айтып ашынған. Аудан халқы бақша суармақ түгілі, қарапайым ауыз суға зар болып отыр. Олар құбырлардан су көрмегенімізге бірнеше күн болды дейді. Бұл туралы әншінің анасы пікір білдірген.

"Бәрі таусылды. Балалар су осының алдында 4 күн болған жоқ дейді. Үйде су жоқ болғаннан кейін жиналмай тұр. Ештеңе жасай алмай, бетіне қарап отырмыз", - дейді Мейрамбек Бесбаевтың анасы Жібек Жолдасова.

Наурыздан бері мәселеге айналған ауыз су халықты әбден ашындырған. Әсіресе аптап ыстықта су тапшылығы қинайтын көрінеді. Осылайша аудан тұрғындары шағымдарын айтып, әкімшілікке жүгінген. 

"Наурыз айынан бері су деген қиын болды. Лай су келеді. Одан кейін тамшылап ағады да жоқ болып кетеді. Дәрет алатын, балаларға шай беретін су жоқ", - дейді тұрғындар.

Ал жауапты мекмелер бұл мәселелер күннің ыстығына байланысты орын алып отыр деп ақталған.

24 сағаттың ішінде 12 сағат су беріліп тұрады. Су бар, қысым жоқ. Қатты ыстыққа байланысты адам саны көбейіп, су азайып жатыр", - дейді "Тасамалы" МКК басшысы Бауыржан Айнақұлов.

Stan.kz 

Загрузка...

Комментирование закрыто.