10 января, 2019 Comments Off on Ауыр күнәні ораза-намаз да, пітір-садақа да жуа алмайды

Ауыр күнәні ораза-намаз да, пітір-садақа да жуа алмайды

Пайғамбардың үш қиянатқа тыйымы

Бiрiншiсі: иянат (жала)

Иянат,

Иянат түбi – қиянат.

Екiншiсi: hиямат (уәдеге опасыздық)

Һиямат,

Һиямат та – қиянат.

Үшiншiсі: аманат.

Аманат,

Аманатқа қылма қиянат.

Осы үшеуiнiң бiреуiн бұзсаң, қиямет қайымдағы орның – тозақ болмақ. Ол қиянатты – ораза, намаз, пiтiр-садақа да жуып кетiре алмайды екен. Қажылықтың жеңiлдiк берер-бермесi ашып айтылмаған.

Соған қарағанда: күнәнiң ең ауыры — қиянат. Қарыздың ең ауыры – уәде болғаны ғой.

Шындығында да, тiрi пенде қылдай қиянат жасамаса, уәдесiнде тұрып, айтқан сөзiнiң бәрi орындалса, онда о дүниедегi жұмақ – осы дүниеде, әлгi әлемдi елес боп кезiп жүрген «коммунизм» бүгiн-ақ орнар едi-ау.

Ең бастысы, «қағаз жолбарыстардың» орнында таза жолбарыстар отырар едi.

Жалған жобалар мен жолдаулардан баспасөздiң белi босап, рухани мәдениеттiң де жерi кеңiп қалар едi-ау.

Бiрақ Қиянат пен Иянаттың көкесi – Зиянат сонда басталмасын!

Ендеше, осыған да шүкiр, ә!

Тұрсын ЖҰРТБАЙДЫҢ күнделігінен

/zhasalash.kz

Загрузка...

Комментирование закрыто.