АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ауылда ашылған жезөкшелер притоны[:]

[:kz]

Түркістан облысы Сайрам АПБ-ның полиция қызметкерлері республика көлемінде жүргізілген «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақсукент ауылында орналасқан демалыс орындарының бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтап, жойды, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

 

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жоғарыда аталған притонда жеңгетайлық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.

Бұл жайт ҚР ҚК 309-бабы «Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» бойынша СДТТБТ-да тіркелді.

Жедел уәкілдер анықталған притоннан ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсеткен жеңіл жүрісті 4 қызды ұстады. Олардың 3-еуі Өзбекстан Республикасының азаматшалары болса, 1-еуі жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары ұсталғандарды полиция бөліміне жеткізіп, жеңіл жүрісті қыздарды профилактикалық есепке алды.

Түркістан облысы ПД-нің қызметкерлері адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтау, алдын алу, болдырмау мақсатында тұрақты түрде, күнделікті қонақ үйлер мен ойын-сауық орындарын, монша кешендерін және басқа да нысандарды тексеріп отыратынын ескертемі

[:]