АЛТЫНОРДА
Ақорда жаңалықтары

[:kz]»Ауыл тұрғындарымен жиі кездесу»: Тоқаев облыс пен мегаполис басшыларына қандай тапсырма берді[:]

[:kz]

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Жиын барысында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланған. Президент үкімет пен әкімдерге әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жедел шешу және халықтың әл-ауқатын арттыру жөнінде шаралар кешенін қабылдауды тапсырған. 

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанды құру стратегиясы аясында саяси реформалардың кезекті топтамасын іске асыру бойынша бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, әкімдер азаматтармен жұмыс істеу тәртібін қайта қарауы керек, сондай-ақ аудан және ауыл тұрғындарымен жиі кездесіп, оларды мазалаған мәселелерді шешуі, қоғам сенімін арттыруы қажет. Фото: Ақорда Одан бөлек, кеңесте үкімет пен әкімдіктерге жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде жүйелі шаралар қабылдау бойынша тапсырма берілген.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекет басшысы облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне бүгінгі Қазақстан халқына арналған жолдауда жүктелген міндеттерді сапалы жүзеге асыру жөнінде тапсырма берді.

kaz.nur.kz

 

[:]