20 мая, 2020 Comments Off on «Аулауға болмайтынын ескертеміз»: Мақтаралға тасқынмен ағып келген балықтарда бактерия көп (ВИДЕО)

«Аулауға болмайтынын ескертеміз»: Мақтаралға тасқынмен ағып келген балықтарда бактерия көп (ВИДЕО)

Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы сарқынды сулардағы балықтарды аулап, көзін жою жұмыстарын бастап кетті.

Сардоба су қоймасынан Мақтарал ауданы аумағына ағып келген топан судағы балықтар жеуге жарамсыз. Бұл туралы ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертханасының» мамандары жасаған қорытындыға сай мәлім болып отыр, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.сілтеме жасаған  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Зертхана мамандарының айтуынша, топан судағы балықтардың ішкі ағзаларында бактериялардың бірнеше түрі бар екені анықталған.

«Біз 12 мамыр күні су басқан елді мекендердегі балықтардың жарамдылығын анықтау мақсатында 4 дана балықты «Республикалық ветеринариялық зертханасына» жіберген болатынбыз. Бүгін қолымызға сараптама қорытындысы келіп түсті.

Осы қорытындыға сай, біз су басқан аумақтарда балық аулауға болмайтынын ескертеміз. Сонымен қатар, балық аулау фактілерінің тіркелмеуін қадағалаймыз», - деді Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Шәкен Боранбай.

Осыған орай, Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы сарқынды сулардағы балықтарды аулап, көзін жою жұмыстарын бастап кетті.

Сондай-ақ, халық арасында сарқынды судағы балықтарды аулауға, тұтынуға болмайтыны жөнінде насихат жұмыстары жалғасуда.


Загрузка...

Комментирование закрыто.

2025d523818cd5cb