“Қалаулым” жобасының бұрынғы аса шулы қатысушысы Замира Сұлтан өз теңіп тауып, ресми түрде қалыңдық атанды. Бүгінде атауын “Бір Болайық” деп өзгерткен бағдарламада күні кеше ғана оның ұзату тойы өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Бір Болайық (@1bolayiq)

Қалың көпшілікке түрлі шулы оқиғаларымен танылған Замира Сұлтан ақыр-соңы өмірлік серігін жолықтырды. “Бір болайық” жобасының кешегі шығарылымында экс-қатысушы ұзатылып, отбасылық өмірге қадам басты. Атышулы блогердің ұзатуы жұртшылық үшін нағыз күтпеген жағдай болды. Себебі, жоба өкілдері бұл жайтты соңына дейін жасырып келіп, көрермендерді аса қатты таңғалдырды. Замира Сұлтанның таңдауы осы бағдарлама аясында танысқан бұрынғы сүйіктісіне түскен. Қос ғашық бір кезде айырылысып кетіп, шулы қатысушы жобаға қайта оралған болатын. Ол тіпті өзге ер азаматтармен қарым-қатынас құруға тырысып көрді.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ♛ЗАМИРА СУЛТАН♛ (@zami_tv)

Алайда, ақыры бұрынғы сүйіктісіне қайта қосылып, онымен бірге отбасын құруға ниет білдірді. Замира Сұлтанның ұзату тойы кеше тікелей эфир кезінде өтті. Қалыңдықтың құлағына сырғаны жобаның бас режиссері Аслы Ердонмез тақса, әнші Ақбота Керімбекова сыңсу айтып оны өз қолынан ұзатты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ♛ЗАМИРА СУЛТАН♛ (@zami_tv)

Атышулы блогердің ұзату тойындағы фото және видеолар “Бір болайық” жобасының ресми Instagram парақшасында жарияланған.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Бір Болайық (@1bolayiq)

Еске сала кетейік, бұған дейін “Бір болайық” жобасының төрінде тағы бір қатысушы қыз ұзатылғанын хабарлаған болатынбыз. Хиджабтағы ару өз теңін аталмыш бағдарлама арқасында жолықтырған.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: