АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Атышулы «Қалаулым» қатысушысы әке атанды (фото)

[:kz]

«Қалаулым» жобасының қатысушысы Мәди Рахымбай әке атанды. Танымал бағдарламаның бірінші мауысымында бой көрсеткен жігітке жұбайы ұл сыйлаған деп жазадыKAZ.NUR.KZ.

Қуанышты хабарды Instagram желісі арқылы Мәди Рахымбай өзі жеткізген. Ол парақшасында әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алған сәтін жариялаған.

Олар ұлына Альтаир деген есім берген.»Қазақ еліне тағы бір батыр. Альтаир» , — деп жазып қойған Мәди Рахымбай.

Желі қолданушылары қуанышы қойнына сыймай, көптен сүйінші сұраған әкені құттықтап, өз ақ тілегін жаудырған.

Алайда, олардың арасында танымал жұптың шын мәнінде ата-ана атанғанына сенбегендер де болды. Кейбірі тіпті, ерлі-зайыптылар біреудің баласымен суретке түсті деп болжауда.

Айта кетейік, Мәди Рахымбай «Қалаулым» жобасынан сүйгенін таба алмай ақырында жобадан шыққан болатын. Өмірлік жарын жас жігіт бағдарламадан кейін кезіктірген.

  

[:]