АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Атыраулық олигарх ұлының үйлену тойында айфоннан шашу шашты (видео)[:]

[:kz]

Атырау қаласында дүркіреп өткен үйлену тойы кезінде қуаныш иесі шашу ретінде iPhone телефондарын таратып, жиылған қауымды бір қуантып тастаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталына берген сұқбатында салтанатты шараны басқарған асаба Руслан Ысқақ айтып берді.

 
 

Отандық той бизнесте елді таңғалдыратын жайттар аз емес. Сәні мен салтанаты бірінен бірі өтетін қазақ тойларындағы түрлі қызықтар бүгінде ел аузында.

Отандық той бизнестің қыр-сырына қанық танымал шоумендердің бірі Руслан Ысқақтың айтуынша, ол жұмыс барысында сан алуан жайттарға куә болады екен.

Мәселен, жуырда Атырау қаласында өткен үйлену тойы кезінде іPhone телефондарының таратылғанын жеткізді.

«Тойларды басқарып жүріп, неше түрлі қызықты оқиғаларды көріп жатамыз. Өте қымбат, отандық және шетел жұлдыздарының қатысуымен өтетін тойларды да басқарған кездер болды.

Мұндай тойдың иелері шараның айрықша, есте қаларлықтай өткенін қалайды.

Мысалы, жақында Атырауда бір тойды басқардым. Той иелері Қайрат Нұртас бастаған бір топ отандық әншілермен қатар, ресейлік жұлдыздардың да өнер көрсетуін қалады.

Сондай-ақ, бұл тойдың ерекшелігі, жиналған той қонақтарына сыйлық ретінде iphone телефондары таратылды. Бұл да қазақтың бойындағы кеңдіктің белгісі болар», — деді Руслан

 
  

[:]