АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Атырауда жарылыс жасаған азамат Түркиядан табылды[:]

[:kz]

Лаңкестік әрекет жасады деген күдікке ілінген азамат Түркиядан Атырауға жеткізілді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратура қызметкерлері енді Елдос Күншығаровты қылмыстық жауапкершілікке тартпақ. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бас прокуратура таратқан мәліметке қарағанда, Күншығаровтың 2011 жылдың қазан айында Атырау қаласында болған лаңкестік әрекетке қатысы бар болуы мүмкін. Осы оқиғадан кейін күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған еді. Қазір ол Атырау қаласындағы тергеу абақтысында отыр. Енді сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталмақ. Естеріңізге сала кетейік, Елдос Күншығаров халықаралық лаңкестік ұйым қатарында Пәкістан мен Ауғанстан шекарасындағы Солтүстік Уәзірстан аймағында қарулы қақтығыстарға қатысуы мүмкін 9 күдіктінің бірі ретінде іздестірілген болатын. Бұған дейін олардың 3-уі ұсталып, алды 14 жылға, соңы 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. Қалған бесеуінің тағдыры әзірге белгісіз.

«Жас қазақ» ұлттық апталық газеті

[:]