16 мая, 2019 Comments Off on “Атың өшкір кредит”- 21 мың теңгені әнге қосқан бейнебаян елді шулатып жатыр (видео)

“Атың өшкір кредит”- 21 мың теңгені әнге қосқан бейнебаян елді шулатып жатыр (видео)

"Осы өлеңді парламентің алдына айтса зор болар еді. 21мың қайда деп?!"

"Кластастар қайда?" деп елді шулатқан Азия мен Бақай тобының тағы да бір бейнебаяны жарық көрді. Бұл жолы жұлдызды жігіттер көптің мәселесіне айналған несиенің жырын мысқылдайды. "Атың өшкір кредит" деп аталатын су жаңа клиптің толық нұсқасы Той думан арнасынан көрсетілді.

Сенсация жасаудан шаршамайтын жігіттердің кезекті жұмысы да ерекше. Сондай-ақ, көп шаңырақтың шырмауына айналған кредитті алғаш болып әнге қосып отыр. Бұдан өзге, үкіметтің аналарға берілетін 21 мың теңгесі де ән барысында айтылады

Бейнебаян шыққан бойда тамашалап үлгерген көрерменнің өзіндік пікірі бар. Оқырмандардың бір бөлігін дәл осы стиль жалықтырып жіберсе, енді бірі керісінше, ерекше әсер алғандыған жеткізді. Тіпті, біреулер билеуге қорқынышты деп өкпесін де білдіріп жатыр.

«Қызық шығыпты, бірақ бұл әнге адамдар билеуге қорқатын шығар», «Адамдар еріккендер ойына келгеннін жасайды, осыншама жасқа келіп бала-шағалы болып істеп жүрген тірліктері не. Ұят-ай, қазақтар қанша тырысқанмен шетел бола алмайды.

Бұл шындық», «Жарайсыңдар. Құтты болсын. Осы өлеңді парламентің алдына айтса зор болар еді. 21мың қайда деп», «Күлерсің дағы жыларсың деген ән екен», «Жарайсыңдар жігіттер, мына туындыларың ұнады» деген сарында өз ойларын бүкпесіз жарыса жазып жатыр.

ERNUR.KZ



 

Загрузка...

Комментирование закрыто.