АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Атамбаевтың жұбайына қатысты қылмыстық іс қозғалды

[:kz]

Қырғызстанның бұрынғы бірінші ханымы Раиса Атамбаева өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, қылмыстық іс сот реформасы және президент аппаратының заңдылық бөлімінің бұрынғы меңгерушісі Манас Арабаевтың ісінің аясында қозғалған.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Служба новостей Центральной Азии» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мемлекеттің бас прокуратурасы Раиса Атамбаеваға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады. 

Раиса Атамбаеваның өзі үнемі саясаттан аулақ жүруге тырысқанын және судьялардың ешқайсысымен таныстығы жоқ екенін айтты. Ол Қырғызстанның бұрынғы президентінің отбасы мен жақтастарына қатысты «жаппай қудалау» жарияланды деп санайды. 

Айтуынша,  экс-президенттің үлкен ұлы соққыға жығылып, қазіргі уақытта гипспен және балдақпен жүр. Оған жағдайына қарамастан күнделікті ұлттық қауіпсіздік комитетіне барып, жауап беруге тура келеді екен. 

Сонымен қатар бұрынғы бірінші ханым Атамбаевтың жиеніне қатысты екі қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ал үлкен ұлының қайын атасының үйінде милиция қызметкерлері тінту жүргізген. 

Раиса Атамбаева Қырғызстанның қазіргі басшысынан отбасын қудалауды тоқтатуды сұрады. 

Басылым мәліметінше, Манас Арабаев 2 маусымда тұтқындалған. Ол жемқорлыққа барды, өкілеттігін асыра пайдаланды және шетелдік инвесторлардың кәсіпкерлік нысандарын рейдерлік жолмен басып алған қылмыстық топтарды қолдады деп айыпталуда. Арабаев 5 шілдеден бері үй қамағына алынған.

Арабаев «Ала-Тоо 24» телеарнасының бағдарламасының сюжетінде Атамбаевтың жұбайының рейдерлік басып алуларға қатысы бар екенін айтқан. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Алмазбек Атамбаевқа жемқорлық пен кісі өлтірді деген айып тағылып, 26 тамызға дейін қамауға алынғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ, Атамбаевтың ұлы ашық сұхбат берген болатын. Сейсенбіде бас прокуратураның өкілі Атамбаевқа көтерілістерді ұйымдастыру, кісі өлтіру, кісі өлтіру әрекеті, кепілге алу және мемлекеттік қызметкерге қарсы зорлық-зомбылық сияқты бірқатар аса ауыр қылмыстарға қатысты айыпталды. Арнайы қызметтердің хабарлауынша, бұрынғы мемлекет басшысы мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалған.

[:]