АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Атамбаевтың жақтастары екі айға қамалды[:]

[:kz]

Бішкек қаласының Первомайск аудандық соты Қырғызстанның социал-демократиялық партиясының (ҚСДП) мүшелері Кыяз Смайлов, Алга Кылычев және Амантур Жамгырчиевті екі айға қамау алу туралы шешім шығарған деп хабарлайды Азаттық.

 
 

Басылымның мәліметінше, қамауға алынғандар полиция департаментінің тергеу изоляторында осы жылдың 8 қазанына дейін отырады.

Үш азамат 7 тамызда Кой-Таш ауылына Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау үшін барған «Альфа» тобының алты сарбазын кепілдікке алды деген күдікке ілінген.

Дәл осындай айыппен 8 қазанда ҚСДП төрағасының орынбасары Фарид Ниязов та екі айға қамалған.

Еске сала кетейік, 8 тамызда ұсталған Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев та 26-шы тамызға дейін қамауға алынған болатын.

 

[:]