АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ата-ананы кінәлап отыр: Алматыда 16 оқушы уланып қалды[:]

[:kz]

Алматыда бір мектептің 16 оқушысы уланып қалды. Ата-аналарының айтуынша, балалардың барлығы да мектеп асханасынан тамақтанып, содан уланған. Алайда мектеп басшылығы бұл оқиғаға ата-ананың салғырттығы себеп деп отыр. Сабақ үстінде өзін жайсыз сезінген оқушыларға жедел жәрдем де шақырылмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Болжам бойынша балалардың жаппай улануына мектеп асханасында берілетін құрғақ ұнтақтан дайындалған сусын себеп болу мүмкін. Сабақ үстінде бастары айналып, жағдайы нашарлаған оқушыларды ұйықтататын дәрі салып, үйлеріне қайтарған көрінеді.

Ал дәрігерлер балалардың ауырып қалуына кір қолдарымен ас ішіп, ұшынғаннан дегенді алға тартады. Дегенмен,  асханада санитарлық талаптардың сақталмауына қатысты қылмыстық іс қозғалып, полиция тергеуді бастады.

Сабақ үстінде іші өтіп ауырған 16 баланың ата-анасы СЭС қызметкерлерін шақыртып, мектеп асханасының үстінен арыз түсірген. Барлығы да — бастауыш сынып оқушылары. 

«Екі қызым алдымнан шықты. Анальгин мен димедрол салған да үйге жіберген. Киімін шешіп үлгермеді, жатқан да ұйықтаған. Сол жатқаннан сағат бесте әрең тұрғыздық. Ал кішкентай 2-сыныптағы қызым сағат алты жарымда тұрды», — дейді уланған оқушының анасы Жазира Әлімова.

Ұйықтап оянған оқушылар әрі қарай да өздерін жайсыз сезінген. Бірақ тексере келе оқушылар мектеп асханасынан емес, жеке бас гигиенасын сақтамағандықтан деген диагноз қойылған. 

«Уланбаған деген диагноз шығарып беріпті. Қолын жумағандықтан, ата-аналардың өздерінен деп. Сонда біздің кінәміз бе екен? Шындығын айтпай отыр. Бүркемелеп отыр. Қылмысты ата-анаға жауып отыр», — деп күйінді  Қабақ Жігерұлы.

Мектеп директоры ауруханаға оқушылармен бірге барып, диагноз белгілі болмағанша, түнімен оқушылардың жанында болған. Директордың айтуынша, оқушылар тамақтан емес, сусыннан ұшынып қалған. Ал мектеп асханасына жауап кәсіпкер Нұрбүбі Садықова мектеп оқушыларына арналған мәзірдің қандай болу керектігін де білмейтін болып шыққан.

Мектеп директоры мен ақ халаттыларға сеніңкіремеген ата-аналар тәуелсіз сараптамаға сынама жіберіпті. Ондағылар улану болған жоқ деген дәрігерлердің диагнозын мүлдем теріске шығарған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталып кетті.

 Stan.kz

 

[:]