23 октября, 2019 Comments Off on “Ата-анам шешеді”: Отандық танымал актер орыс қызына үйленбекші (видео)

“Ата-анам шешеді”: Отандық танымал актер орыс қызына үйленбекші (видео)

Қазақстандық белгілі актер Жандос Айбасов орыс қызына үйленбек. Алайда, жастар шаңырақ көтеретін күнді белгілемеген. Тойдың қашан өтетінін өнер иесінің ата-анасы шешеді. Бұл туралы "Ревью" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

30 жастан асқан Айбасов төрт жылдан астам уақыт Мария Карпыкова есімді фэшн-фотографпен көңіл қосқан.

Өнер иесі енді той уақытын шешу әке-шешесінің қолында екенін айтады.

"Әке-шешем қашан үйленетінімді, қашан той жасайтынымды өзі біледі",- дейді ол.

Бұл жаңалықты естіген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі актер мен сүйіктісіне бақыт тілесе, екіншілері орда бұзар жастан асқан актердің шешімді өзі қабылдау керектігін айтты.

 
 
Загрузка...

Комментирование закрыто.