АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Астанада педофил үй подъезінде 13 жастағы қызды зорламақ болды[:]

[:kz]

Астанада тапа тал түсте белгісіз ер адам үй подъезінде 13 жастағы қызды азғындамақ болды.

Жеткіншек абырай болғанда педофилдің қолынан сытылып шыққан. Оқиға елорданың орталығындағы көпқабатты үйде болды. Евразия арнасының мәліметінше, белгісіз ер адам қызды дүкеннен шыққаннан бастап аңдыған. Подъезге  қыздан кейін кірген. 

1 мен 2-қабаттың сатысында педофил қызға тап берді. Қорқып кеткен оқушы қыз қатты айқайлап жіберді. Педофилдің қолынан сытылып шықты. Қорыққан күйі пәтеріне кіріп, ата-анасына айтып берген. Әкесі сол арада арам ойлы ер адамның соңынан қуады. Полицияға хабарлады. Ер адам жасырынып үлгеріпті. Тергеушілер жәбірленушіден жауап алды. Есіктегі саусақ іздерін алды. 

«Бала әлі де не болғанын түсініп тұрған жоқ. 3-4секунд ішінде арт жағынан келіп тиіскен. Жүгіріп келіп маған айтты. Мен көшеге шыққанда ешкімді таппадым», — деді әкесі. 

Қуанышқа орай шыға берісте бейнебақылау камерасы бар. Оны педофил есепке алмаған секілді. Енді бұл таспа қылмыстық іс материалына беріледі.

Stan.kz

[:]