АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Астанада, ой, Нұр-Астанада»: Жас вице-министр елорда атауын шатастырды (видео)[:]

[:kz]

Қаржы министрінінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов желі жұлдызына айналды.

Тілшілердің сұрақтарына жауап беру кезінде ол елорданың атауынан жаңылысты.»Алматы, Астана… а, яғни, Нұр-Астанада… ой, Нұр-Сұлтанда, кешіріңіздер», — деп вице-министр кешірім сұрады

Желі қолданушылары бұл жағдайға түсіністікпен қарап, бұл жайтты талқыға салмады. Әйел адамдар жас шенеунікті сүйкімді деп есептеді.»Қандай сүйкімді», «Осындай ашық, мейірбан шенеунікті алғаш көргенім», «Барлық адамда мұндай келесіздіктер болады. сасқалақтап қалды, сөге көрмеңіздер», — деп пікір білдірді оқырмандар.

Кейбір желі қолданушылар өздері де осындай жағдайға тап болып жататындарын мойындады.

Бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов жайлы не білеміз?

Қаржы министрінің бірінші орынбасары 44 жаста. Бұл лауазымға 2019 жылдың үшінші наурызында ие болды.

Жұбайының есімі Мәдина Қожа. Ерлі-зайыптылардың Елнұр және Қайрат есімді екі ұлдары бар.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-бухгалтер мамандығы бойынша бітірген.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің «Әскери және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистратура бітірген.

2008 -2014 жылдар аралығында ҚР қаржы вице-министрі болды.

2014–2016 жылдары — ҚР қорғаныс министрінің орынбасары міндетін атқарған.

2016 жылдан бастап қазірге дейін қаржы вице-министрі болған. Биылғы жылдың наурызында министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Еске сала кетейік, 20 наурыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласына «Нұрсұлтан» атауын беруді ұсынған болатын. 23 наурыз күні Астана қаласының атауы ресми түрде Нұр-Сұлтан болып өзгерді.

  

[:]