07 января, 2019 Нет комментариев

ASN 2018 жылы болған әуе апаттары жайлы мәліметті жариялады

Былтыр әлемде болған әуе апаттарының саны 2017 жылғымен салыстырғанда күрт көбейген, алайда 2018 жыл бақылау жүргізіле басталғалы бергі өткен кезеңдегі ең қауіпсіз болып саналады. Нидерландта орналасқан Aviation Safety Network (“Авиация қауіпсіздігі желісі” – ASN) ұйымының хабарламасынан осындай қорытынды жасауға болады.

2018 жылы әуе апаттарынан 556 адам қазаға ұшыраған, 2017 жылы – 44 адам опат болған. Ең ірі апатта – 2018 жылы қазанда Индонезияда Lion Air әуе компаниясының ұшағы құлағанда – 189 адам қаза тапты.

2017 жыл коммерциялық әуе компаниялары тарихындағы ең қауіпсіз жыл болды. Бұл жылы адам қазасына әкелген 10 әуе оқиғасы тіркелді, оның бесеуінде жүк тасымалдайтын ұшақтар, бесеуінде – жолаушы тасымалдайтын ұшақтар апатқа ұшыраған. Егер әскери және коммерциялық емес ұшақтарды, сонымен бірге жерде қаза болғандарды есепке алсақ, онда 2017 жылы барлығы 24 ұшақ апатынан 230 адам мерт болған деп хабарлайды ВВС.

azattyq.org

Загрузка...

Добавить комментарий

You must be logged in to post a comment.