АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әскерге барып, сандырақтап оралған қызылордалық сарбаз есін жинады[:]

[:kz]

Әскерден оралғаннан кейін жақындарын танымай қалған қызылордалық Ренат Жеткергенов есін жинады. 19 жастағы Арал тұрғыны Қызылорда психиалық-денсаулық орталығынан емделіп шыққан. Ренат ата-анасын алғаш рет таныды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап. 

Анасы Айғаным Ізбасарованың сөзінше, ауру қайта мазалай ма деп Ренаттан ештеңе сұрамайды екен.

«Ауруханадан шыққанына 5 күн болды. Ауру күшейіп кете ме деп одан ештеңе сұрамаймыз, мазалаудан қорқамыз. Дәрі-дәрмегін береміз. Басынан өткен сұмдықты еске түсірмеуге тырысамыз», — дейді Айғаным Ізбасарова. 

Жақында Ренаттың туыстары қылмыстық істі тергеу мақсатында сараптама тағайындалғанын білгенін айтады. 

«Ренатқа сот тергеуі аясында бірқатар сараптама тағайындалды, бірі Алматыда өтеді. Ол үшін Ренат Жеткергеновті Қызылордадан Алматыға алып бару қажет. Бірақ оған 500 мың теңге керек. Бұған жол жүру, Алматыда тұру, тамақ кіреді. Ата-анасында мұндай ақша жоқ», — дейді Жеткергеновтар отбасының адвокаты Нұржамал Баянова.

Ренаттың ата-анасы барлық шығынды кінәлі тарап төлеп берсе дейді. 

«Отбасымызда не болғанын, қандай қиын жағдайда тап болғанымызды бәрі біледі. 3-4 ай бойы ақысыз демалыстамын, мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін. Күйеуім жұмыссыз. Шынымды айтсам, Аралдан Қызылордаға бару үшін көп қаражат кетті. Ренат ауруханада жатқан облыс орталығында тұру да қымбат болды. Сондықтан сараптамаға бару үшін ұлым борышын өтеген 25744 әскери бөлімі шығынды өтеуі керек. Сол жерде ол осы жарақаттарды алды», — деп мәлімдеді Айғаным Ізбасарова. 

Осы іс аясында адвокат Баянова ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Марат Құсайыновтың қабылдауына жазылған. Ата-анасы іс қозғалып, кінәлілер тиісті жазасын алса деп үміттенеді. 

Айта кетейік, әскерге барып, борышын өтеген қызылордалық Ренат Жеткергенов қайта оралғанда ата-анасын танымай қалған. 

[:]