12 июля, 2019 Comments Off on “Әсемпаз болма әрнеге”: Димаштың 73 жастағы италиялық тыңдарманы эстафетаны қабылдады (видео)

“Әсемпаз болма әрнеге”: Димаштың 73 жастағы италиялық тыңдарманы эстафетаны қабылдады (видео)

Димаштың 73 жастағы италиялық тыңдарманы Абай өлеңдерін оқудан эстафетаны қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш Құдайберген ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған ақын өлеңдерін оқу эстафетасын қабылдаған. Мұны көрген желідегі тыңдармандар әлемнің әрбір бұрышынан эстафета қабылдап, Абайдың өлеңдерін жарыса оқыды.

Солардың бірі 75 жастағы италиялық әже. Ол Димаш Құдайбергеннің тыңдармандарының бірі екен. Қазақстанға деген құрметі де ерекше сыңайлы. Әжей артына өз мемлекеті мен Қазақстанның туын қойып қойып, Димаштан эстафета қабылдап, Абайдаң "Әсемпаз болма әрнеге" атты өлеңін қазақ тілінде оқыған.

Бұны көрген желідегілер таңқалды. Олар қарт тыңдарманның қазақша өлең оқуда қате жібермей, акцентсіз ерекше оқығанын көрген. Осылайша Абайдың өлеңін оқыған итальяндық әжейге жұрт сүйсінді.

"Ұялғаным ай.  Абайдың туған топырағында тұрсам да, ол туралы ештеңе білмейді екенмін" , "Керемет", "Көп рахмет сізге", "Димаштың құдіреті", "Жаным, апам", "Керемет", "Димаш, сен аңыз адамсың", "Дүниежүзін қазақша сөйлеткен Димашқа рахмет", - деп пікір білдірді жұрт.

Загрузка...

Комментирование закрыто.