АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Арыстағы жарылыс: Тұрғындар ауыз сумен, ыстық тамақ, төсек-орындармен қамтылды[:]

[:kz]

Түркістан облысындағы ТЖ бойынша облыстық штаб құрылып, тұрғындарды басқа жерлерге орналастыратын 48 орталық ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы Арыс қаласы мен ауылдарда 40 мектеп (18399 бала), 50 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс атқарады (5071 бала).

Қауіпті аймақта 13 мектеп (11377 бала), 6 мемлекеттік 23 жекеменшік балабақшалар (3278 бала) орналасқан, олардың барлықтары қауіпсіз жерлерге көшірілді.

6 ауданда (Шымкент, Түркістан қалалары, Сарыағаш, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара, Отырар ауданы) орта мектеп, колледж, балабақша, мектеп-интернаттарға көшіп келген азаматтарға барлық жағдайлар жасалған:

Тұрғындар ауыз сумен, ыстық тамақпен, төсек орындарымен, киім-кешекпен және жеке гигиеналық заттармен қамтамасыз етілді.

Барлық 48 орталыққа жалпы саны 3860 адам, оның ішінде, 0-мен 18 жас аралығындағы 914 бала жеткізілді.

Бүгінгі ақпарат бойынша, 1149 бала ата-аналарымен қауышты. 15 бала әзірге ата-анасына берілген жоқ.

Әр орталықта педагог-психологтер жұмыс жасап жатыр. Балалармен жұмыс істеуге барлығы 158 педагог-психолог тартылды.

Штаб жұмысын тәулік бойы атқарып жатыр. Осы бағытта жұмыстар әлі де жалғасады.

Stan.kz 

[:]