АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Арыстағы оқиғаға қатысты жалған ақпарат таратқан 10 адам ұстаған[:]

[:kz]

8 шілде күні өткен брифингте жарылыс астында қалған Арыстың қазіргі жағдайы мен осы уақытқа дейін жасалған жұмыс туралы хабарланды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

 
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Арыс әкімі Мұрат Қадырбектің айтуынша, қалада күнделікті өмір қалыпқа келіп жатыр. Қазіргі уақытта 340 үй жөндеуден өткен, тұрғындардың 90 пайызы 100 мың теңге көмек алу үшін құжаттарын өткізіп қойған.

Қорғаныс министрлігінің өкілі Қайыргелді Хұсайынов қала аумағынан 20 шақырым радиус қашықтықта және әскери қоймада тексеру, тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқанын, қалада радиация қаупі жоқ екенін баяндады.

Одан бөлек, Хұсайыновтың сөзінше, Арыстан 60 шақырым жерде жоспарлы түрде жарылмаған оқ-дәрілер жойылып жатыр. Сол себепті тұрғындар жарылыс даусын естуі мүмкін. Алайда, бұл қауіпсіз.

Полицияда арандату мен жалған ақпарат тарату фактісіне сәйкес 10 адамға қатысты тергеу амалдары жүргізілгенін хабарлады. Олар тиісінше жауапқа тартылатын болады.

Айта кетейік, Арыстағы 24 маусым күні жойқын жарылыс болып, қала эвакуацияланды.

Бұл оқиғадан үш адам қаза тапты.

Ал 28 маусым күні тұрғындар туған жеріне орала бастады. Қазір қалада жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

  

 

[:]