АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Арыста зардап шеккендер басқа қалалардан пәтер мен үй беруді талап етуде (онлайн)[:]

[:kz]

Қазір Шымкенттің Ақмешіт мешітінде қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Арыстағы жарылыстан зардап шеккендермен кездесу өткізіп жатыр. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев те шұғыл түрде Шымкентке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

 

 

Жанжалдан бастау алған жүздесуде зардап шеккендер Арыстан емес, басқа қалалардан үй мен пәтер беруді талап етті. Шымкент басшысы қазір барлық мәселелер шешіліп жатқанын, мемлекет басшысы қаладағы жағдайды жеке бақылауына алғанын түсіндірді.»Мен сіздерді сабырлы болуға, бір-бірлеріңізді тыңдауға шақырамын. Жанжал арқылы ештеңе шеше алмаймыз. Қазір барлығы шешіліп жатыр. Шымкентте қажетті көмекті көрсетіп жатырмыз», — деді Әбдірахымов.

Эмоцияға толы кездесуде Шымкент басшысы адамдарға жолдан кетіп, мешітке кіруді ұсынды. Қазір Темірлан тас жолына жол жабық.

Шымкентке шұғыл түрде жеткен Өмірзақ Шүкеев халықтың тынышталуын күтті. 15 минуттан соң айғай-шу басылып, өңір басшысы сөз алды.

«Мен сіздер айтқанша тыңдадым. Ал енді сіздер тыңдаңыздар. Арыста ешқандай радиация жоқ. Біз бәрібір барлық тиісті көмекті көрсетеміз»,- деді Шүкеев.

Кездесудегі айғай-шуды кезекті намазға шақыру дауысы тоқтатты.

Тұрғындар жаңа үй мен пәтер талап етуде. Зардап шеккендер қазір Арыста экологиялық жағдай өте қауіпті деп қорқып отыр.

Арыстан зардап шеккен тұрғындар арасында дүрлікпеуге шақырып жүргендер де бар.«Біз уайымдап жатырмыз, көтерілісті қаламаймыз. Тек қалыпты өмір сүргіміз келеді. Көмек көрсетіп, жер беріңіздер», — деді тұрғындардың бірі.

Қазіргі уақытта мешіт маңындағы аймақ толығымен қоршалды.

  
 

[:]