АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Арманым орындалды»: Ержан Максим енді Ресейде Игорь Крутойдың музыкалық академиясында оқиды[:]

[:kz]

Жас қазақстандық талант Ержан Максим  Игорь Крутойдың музыкалық академиясында білім алатын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы «Голос. Дети» байқауының финалисі Ержан Максим өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Біраз уақыт бұрын жас орындаушы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовпен кездескен болатын. 

«Қызықты әңгімеден кейін ол мені Игорь Крутоймен таныстырды. Мен мұны көптен бері армандап жүрген болатынмын. Студиядағы тыңдалымнан кейін ол мені оқуды музыкалық академияда жалғастыруды ұсынды. Мен бұл ұсынысты қуана қабыл алдым. Күзден менің шығармашылығымның жаңа кезеңі басталады. Иманғали Тасмағамбетовтің менің арманымды жүзеге асырғаны үшін ерекше қуаныштымын. Оның арқасында мен репертуарымды жақсартып, қалаған адам бола аламын», — деп жазды Ержан Максим. 

 

Естеріңізге сала кетсек, «Голос. Дети» байқауының финалы 26 сәуір күні өтіп, арты дауға ұласқан болатын. SMS дауыс берудің нәтижесі бойынша, байқауда Алсудың қызы Микелла Абрамова жеңіске жетті. Алайда көптеген көрермен бұл қорытындымен келіспейтінін жеткізді. Олардың арасында Ресейдің танымал жұлдыздары да бар

 Stan.kz

[:]