АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Әрбірінің гонорары миллион теңге»: Шөкеевтің блогерлермен бірге қаланы аралап жүрген ВИДЕОСЫ пайда болды[:]

[:kz]

 

Журналист Гүлбану Әбенованың жазуынша, мұндай блог-турды өткізу үшін кемі 50 миллион теңге қаражат жұмсау қажет.

Әлеуметтік желіде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің танымал блогерлермен блог-тур өткізген сәтінің видеосы тарады. Желі қолданушылары аталған блогерлердің гонорары кемі 1 миллион теңге екенін жазса, Шөкеевтің орынбасары Сәкен Қалқаманов бұл шараға бюджеттен 1 тиын да бөлінбегенін айтып отыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Журналист Гүлбану Әбенованың жазуынша, мұндай блог-турды өткізу үшін кемі 50 миллион теңге қаражат жұмсау қажет. Қалқаманов болса бұл қаражаттың бизнесмен есебінен төленгенін айтты.

«Әкімдік бір тиын да төлемеді. Блогерлер Түркістандағы «Сандық» мейрамханасының ашылуына мекеме қожайынының шақыртуымен келді. Салтанатты іс-шараға әкімді де шақырған, әкім қонақтарды шам жағу рәсіміне шақырды. Біз шам жағу рәсімін блогерлердің келетінін алдын-ала білгеннен кейін, тура осы күнге лайықтап қойған едік», — деп жазды Қалқаманов.

Блогерлердің қатарында Әлішер Елікбаев, Динара Сәтжан, Мұхамеджан Тазабеков, Ринат Балғабаев, Мейіржан Төребаев, Өркен Кенжебек және басқалары бар.

[:]