АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әрбір ресейліктен 10 мың рубль, соның ішінде қарттар мен сәбилер де бар екен.[:]

[:kz]

 

Ресейлік экономист Алексашенко айтуынша, Қырым есебінен Ресей 27 мың шаршы километр аумақты (елдің жалпы аумағының 0,15 % құрайды) және 2,2 млн. жаңа тұрғындарды тапты.

Алексашенконың айтуынша, Қырым әрқашан кеңестік кезеңде де, Украинаның құрамында болғанда, қаржылық қолдауды қажет ететін аумақ болатын.

«Ресейдің құрамына кіргеннен кейін ешқандай керемет жағдай болмады, өңір үшін экономикалық базаны құруға мүмкіндік беретін алып алтын немесе көмірсутегі ресурстар түбегінде табылмады, сондықтан да қырымдық бюджет пен коммуналдық қызметтерді қолдау үшін Ресей мемлекеті 2014 жылы оған 55 миллиард рубльді мәжбүр аударуға болды, — деп түсіндіреді Алексашенко.

Оның айтуынша, кейінгі жылдары бұл сома тек қана ұлғая берді — Қырым мемлекеттік қызметкерлерінің жалақысын көтеру, түрлі жобаларды қаржыландыру, инфрақұрылымды дамыту және т.б. жұмсалды.

2019 жылы Қырым бюджетіне мемлекеттік федералдық бюджеттен 150 миллиард рубль сомасында ақша жіберілді, ал 2014-2019 жж. федералдық бюджеттен субсидия / субвенциялардың / сыйлықтардың жалпы сомасы шамамен 580 миллиард рубльді құрады.

«Севастопольға тәуелсіз ресейлік аймақтың мәртебесі берілгенін ұмытпаған жөн және оған 2014-2019 жылдары 120 миллиард рубль Мәскеу берді. Сонымен, Ресей мемлекеті Қырымға 700 миллиард рубльді тікелей аударған», — деп жазады Алексашенко.

Оның айтуынша, Қырымда федералдық бюджет қаражаты есебінен облыстық бюджеттің 75-77 пайызы қаржыландырылады, Севастопольде — шамамен 60 пайыз, бұл көрсеткіштер әлі де тұрақты болып қала береді.

Экономист, федералдық бюджеттің тікелей шығындарынан басқа, жанама шығындар, мысалы, зейнетақыны төлеу бойынша шығындар бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл шамамен 200 млрд рубль. Алексашенко сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалардың шығындарын көрсетті. Оның айтуынша, бұл 2014-2019 жылдары шамамен 600 млрд рубль құрады».

«Әрбір ресейлік азаматан 10 мың рубль, соның ішінде қарттар мен сәбилерден сондай мөлшерде ақшаны Ресей мемлекеті алған. Ал, бұл федералдық бюджеттен екі жылға арналған Ресейде білім беру шығындар, немесе үш жылға Ресейде медициналық қызмет көрсету құны, немесе Ресейде мәдениетке 15 жыл бойы жіберелетін ақшасы», — сондай қорытынды шығарып отыр экономист Алексашенк0

 

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті.

[:]