31 марта, 2019 Comments Off on Арамызда “қожатанушылар” көп екен…

Арамызда “қожатанушылар” көп екен…

Бір ауыз сөз тариxтың біраз қатпарын қопарып тастапты. Арамызда "қожатанушылар" көп екен. Олардың бүкіл "қылмысын" біледі екен, соны іште жасырып жүрген екен.

Ел бірлігіне нұқсан келмесін деп жасырыпты. Қожаның бір "бөлтірігі" азу тісін ақситқаны жақсы сылтау болды. Көкейдегі запыранын аямай төкті. Бұ жердің қожасы кім екенін танытты. Әлем желіде желпініп отыр енді. "Айттың-ау, сабазым!", "сойып салдың", "қожаларды орнына қойдың, батыреке"- деп жатыр қошеметшіл пікіршілер.

"Миссионер, гастербайтерлер, көшсін, кетсін" деп қояды кейбірі. Қайда көшірмек, қайда кетірмек?

Қожадан қыз алып, қыз бермеген ру жоқ шығар-ау, Бәйдібектен бері есептегенде. Біз секілді қожаның жиендерін не істемексіңдер? Оның да жайын айта салыңдар, ақыры айтқан соң...

Домалақ енеден тараған жиеншарлары бар, шығыста ел болып отырған, оларға не үкім қылдыңдар? Қожаны қазақтан бөлу үшін, әр қазақты бөлу керектігін ойласаңдаршы!

"Қырманда ит төбелестіріп жатыр десе, істеп жатқан ісін, ішіп отырған асын тастап тұра шабатын әкең әумесер еді" - дегендей тіркес бар еді бір шығармада. Тынымбай әлде Дулат пен Төлен Әбдік пе еді? Әйтеуір есте жоқ. Бір күндік тақырыпқа бірден үн қосатын әкең ұшқалақ еді дейміз-ау, біреулерге уақыты келгенде... 

Есболат Айдабосын

Фейсбуктегі парақшасынан

 

Загрузка...

Комментирование закрыто.