АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Арам ойым болмады»: Қазақ қызымен суретке түскен азамат қазақстандықтардан кешірім сұрады (видео)[:]

[:kz]

Қазақ қызымен бірге суретке түсіп, оны желіге жүктеген Эли Дауд есімді азамат барша қазақстандықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

«Сәлеметсіздерме, әкімдік, президент, қазақ достар, қазақ халқы. Мен бұл видеоны екі жағдайға байланысты кешірім сұрау үшін түсіріп отырмын. Біріншіден, желіге жүктеген сурет үшін кешірім сұраймын. Мен бұл суретте өзімнің әріптесіммен бірге тұрмын. Ешқандай арам ойым болмады», — дейді Эли Дауд.

Әрі қарай ол суреттегі бар болғаны бірге жұмыс істейтін бойжеткен екенін айтты. Сондай-ақ, тағы да бір себеппен кешірім сұрайтынын жеткізді.

«Суретте тұрған —  менің әріптесім. Екіншіден, 2 жыл бірге жұмыс істеген қазақ халқынан кешірім сұраймын. Маған Қазақстанда жұмыс істеген ұнады. Мен мұндай қақтығыс болғанын қаламадым», — дейді видео авторы. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Атырауда мұнайшылардың көтеріліске шыққаны туралы хабарлаған едік. Аталған көтеріліс шетелдік азаматтың қазақ қызымен бірге түскен суретін WhatsApp желісіне қоюмен байланысты туындаған. Кейін 30 адамның дәрігер көмегіне жүгінгені белгілі болды. 

[:]