12 июля, 2019 Comments Off on Аралдан шыққан емші бала көпшілікке сүйіктісін көрсетті (фото)

Аралдан шыққан емші бала көпшілікке сүйіктісін көрсетті (фото)

 

Ерболсын Серікбаев. Фото: alashinform.kz, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Аралдан шыққан емші "Үкілі бала" ғашығын ел-жұртқа ашық көрсететін болған. Ерболсын Серікбаев сүйіктісімен құшақтасқан суретін Instagram парақшасында жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Күні кеше тойда ән айтып, жұртты таңғалдырған емші жігіт бұл жолы сүйгеніне гүл шоқтарын тарту еткенін көрсетті.

"Уақыт барда махаббатыңды ізде. Ал оны жолықтырған соң уақытыңды бағала", - деп жазды Ерболсын Серікбаев.

Ал желі қолданушылары қос ғашықтың жарасымды жұп екенін айтуда.

"Өте керемет", "Бақытты болыңыздар", "Той қашан?", "Керемет", "Қанша адамға көмегіңіз тиді. Сіз де бақытты болыңыз" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Ерболсын Серікбаевтың тойда ән айтқан видеосы желіге таралып кеткен болатын.

  
Загрузка...

Комментирование закрыто.