АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Апашка биді айырады екен!»: бидің түбін түсірген әйел тойда шпагатқа отырды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Картинки по запросу «Апашка биді айырады екен!»: бидің түбін түсірген әйел тойда шпагатқа отырды (ВИДЕО)

Асабалар болса, әйелді сыйлықтың астында қалдырып, риза қылды.

Тойда жұлқына билеп, ерекше биімен көпшіліктің назарын өзіне аударған орта жастағы әйел шпагатқа отырып, жұртшылықты таңқалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеоға қарасақ, кәдімгі кәсіби гимнастшыларша оп-оңай шпагатқа отырған апаның бұл әрекетіне тіпті, асабалар да таңданғанға ұқсайды. Әлгі әйелдің той ортасында шпагатқа отырғанын көрген Марғұлан, Ержан есімді асабалар аяқастынан сөз таппай қалған секілді. Би жарысына білек сыбана кірісіп, думанды тойды қыздырған 40-50 жастағы әйелдің өнеріне той қонақтарының риза болмағаны соншалық, шапалақты аямай ұрған. Ал асабалар болса, әйелді сыйлықтың астында қалдырып, риза қылды.

Тойды жандырған апаның биі түсірілген видео «Нұрбек студио Тамада Шоумен3» каналында жарияланған.

Той өтіп жатқан мейрамхананың ортасында бір жігітпен жерді «шаңдата» барын салып билеген әйелдің видеосын Youtube-тан көргендер: «Апашка биді айырады екен, апашканың арқасы бар-ау, билеп-билеп шаршаған шығар», — деп жазды.

[:]