АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Аңыз адам»: Димаш Еуропадағы алғашқы концертінде жұртты таңдай қақтырды[:]

[:kz]

Димаш Құдайберген ірі еуропалық тур барысында алғашқы ән кешін өткізді. Дебютті концерт Краснодар қаласында өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Аңыз адам": Димаш еуропадағы алғашқы концертінде жанкүйерлерін таңдай қақтырды

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

«Аңыз адам»: Димаш Еуропадағы алғашқы «Аңыз адам»: Димаш Еуропадағы алғашқы концертінде жұртты таңдай қақтырды жұртты таңдай қақтырды

Еуротур шеңберіндегі алғашқы кеш Баскет-холл залында өтті. Краснодарлық аренаға 7,5 мың адам сыяды.

Билеттер концерттен біраз уақыт бұрын сатылып біткен.Басылым атап өткендей, қазақстандық әншінің жанкүйерлері Баскет-холл залына концерт басталмас бұрын жиналыпты. Олардың көбі Краснодарға Ресейдің өзге өңірлерінен келіп жеткен.

Жанкүйерлері Димаштың ән кешін өз көзімен көру үшін арнайы ат терлетіп келген.

Жас жұлдыз Instagram парақшасында Краснодарға өз алғысын білдірді.

Өнер иесінің жанкүйерлері жазбаға мыңнан астам пікір қалдырды. Олар керемет шоу үшін Димашқа ақ тілектерін жаудырды.»Барлығымыз мұны сонша көп күттік», «Димаш, кеш керемет өтті. Бізге махаббатыңды сыйлағаның үшін рақмет», «Сені жақсы көремін. Дюссельдорфте кездескенше», «Испаниядан жалынды сәлем», «Ұлы тұлға», «Керемет адам», «Керемет концерт», — деп жарыса жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, әнші арумен бірге түскен суретін жариялаған Димаш елді қызықтырып қойды.

 

[:]