АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Әнуар Нұрпейісовтің жоғалғаны рас па? Полиция жауап берді

[:kz]

Танымал актер, блогер Әнуар Нұрпейісов 4 маусымнан бері Instagram желісінде көрінбей кетті. Көпшілік оның қайда жүргенін білмей дал. Ал полиция оның ресми түрде іздестіріліп жатпағанын мәлімдеді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NV.KZ басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Актриса Айсұлу Әзімбаева соңғы уақытта Әнуар Нұрпейісовпен жиі бірге көрінген еді. Себебі олар биыл медиаэкспедиция туралы «Хан-Тәңірінен оралу» фильмін түсіріп, таныстырды. Сондықтан көпшілік Айсұлудан Әнуардың жоғалып кеткені туралы сұрауда. Алайда ол Insta-stories-те актердің қайда екенін білмейтінін айтты. 

Сондай-ақ таяуда Нұрпейісовтен сұхбат алған журналист, блогер Әлия Есенова да Instagram желісінде жазба қалдырып, актердің қайда жүргенінен хабарсыз екенін айтты. 

«Маған күнде Әнуар Нұрпейісовтің қайда кеткендігі туралы жүздеген хабарлама келеді. Мен Әнуардың қайда екенін білмеймін. Рас айтамын. Тіпті, мені әрекетсіздігім үшін, оны іздестірмегенім үшін айыптауда. Ортақ таныстарымыздан сұрастырдым. Ешкім білмейді…», — деп жазды ол. 

Ал Алматы облыстық полиция департаментіндегілер Нұрпейісовтің ресми түрде іздестіріліп жатпағанын мәлімдеді. 

«4-20 маусым аралығында Алматы облыстық полиция департаментіне Әнуар Нұрпейісовтің атынан, сонымен қатар оған қатысты өтініш түскен жоқ», — дейді полициядағылар. 

 Stan.kz

[:]