17 апреля, 2019 Comments Off on Әншілікті тастаған Жанар Хамитова мейрамханада ыдыс жуып, пәтер жалдап тұрып жатыр

Әншілікті тастаған Жанар Хамитова мейрамханада ыдыс жуып, пәтер жалдап тұрып жатыр

Әнші Жанар Хамитова өз ақиқатын айтты. 11 жылдан соң қайта ел алдына шыққан әншінің айтары бар. Ол өткен өмірі жайлы сөз қозғады. Алдағы жоспарлары жайлы баяндады. 

Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz.

Жанар қазіргі уақытта мейрамханада ыдыс жуады. Өзі пәтер жалдап тұрып жатыр. 5 жыл бұрын өнерге келуге көмек сұрағанымен, ешкімнен қолдау болмаған екен. 

"Мейрамханада ыдыс жуып, күніне 4 мың теңге табам. Екі қолым бар, құдайға шүкір. Бәрі қолымнан келеді", - дейді әнші. 

Бағдарлама қонақтарының кейбірі әншінің бұндай жұмыс істеп жүргеніне сенбеді. Нағыз хайп деп сынады. 

Жанар бүгінде өзі жалдап алған пәтерінде ерлі-зайыпты достарымен бірге тұрып жатыр. Жаңа сәбилі болған жандармен көшеде танысып, өз пәтеріне әкелген. 

"Әйелім Қырғызстан азаматшасы. Сондықтан босанған соң бірден елге бара алмады. Жұмыстағы кабинетке түнеп жүргенде Жанармен таныстым. Ол өз үйіне шақырды", - деді Бақытжан есімді азамат.

Әнші қыз біраз уақыт көрмеген анасымен бағдарламада кездесті. Анасы Жанардың пысық қыз болып өскенін айтты. Бала күнінен ән айтқанын, ерке қылықтарын еске алды. Қарқаралы елінен келген ана қызын көргеніне ризашылығын жеткізді.

 Stan.kz.

 

Загрузка...

Комментирование закрыто.