АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әнші Тоқтар Серіковтың анасы дүниеден өтті[:]

[:kz]

 

Қазақстандық танымал әнші Тоқтар Серіковтің анасы Маруся Назарбекқызы қайтыс болды. Қаралы хабарды әншінің досы  Cакен Мағазиев жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Тоқтар досым, АЛЛА анамыздың алдынан жарылқасын. Сіздердей алтын асықтай ұлдар, инабатты қыздар тәрбиелеген аяулы анымызға Фирдаус Жәннәт нәсіп болғай. Исі қазақ қайғыңа ортақ. Бекем бол, Тоқабай», — деп жазды Instagram-парақшасында Сәкен Майғазиев.

Әншіге өнердегі өзге де әріптестері мен журналистер көңіл айтып жатыр.


Желі қолданушылары да Тоқтар Серіковке сабыр тіледі.

Әншінің жары  Бейбіт Сейдуалиева отбасында болған қайғыны Instagram-ға қара сурет жариялап естіртті.

[:]