Жақында ғана некесін қидырған әнші Шахизада Байбатжанова жолдасымен бірге Түркия еліне ұшып кетті. Өнер иесі әлеуметтік желіде видео және фотоларымен бөлісіп, жанкүйерлеріне демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетуде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

55 жастағы Шахизада Байбатжанова екінші рет тұрмысқа шыққанын сәуірдің басында жария еткен болатын.

Өнер иесі мұсылман жолымен мешітте некесін қидырды. Отау құрған ерлі-зайыптылар бірден шетелге шығып, бірге демалып қайтуды шешкен. Олар алдымен еліміздің қаисетті мекені Түркістан қаласында болып, кейін Түркия еліне ұшып кетті. 

Шахизада демалысы кезінде түсірілген суреттерімен Instagram парақшасында белсенді түрде бөлісуде.

Эстрада жұлдызы жолдасымен бірге Стамбул қаласына барып, артынан Аланияға жол тартқан.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ⚜️ ᔕᕼᗩᕼIZᗩᗪᗩ ⚜️ (@shahizada.art)

Аланияға да келіп жеттік. Мешітте таң намазын оқып, жолдасым екеуміз серуендеп келе жатырмыз. Бәрі тамаша. Әр атқан таңдарыңыз шуақты болсын. Оразаларыңыз қабыл болсын. Аман болыңыздар” , – деді әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ⚜️ ᔕᕼᗩᕼIZᗩᗪᗩ ⚜️ (@shahizada.art)

Айта кетейік, өнер иесі әзірге күйеуінің түрін көрсетпей, ол жайында ешқандай мәліметпен бөліскен жоқ. Алайда, Шахизаданың жанкүйерлері оның таңдауы кімге түскенін білмек болып, желіде оны сұрақтың астына алды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ⚜️ ᔕᕼᗩᕼIZᗩᗪᗩ ⚜️ (@shahizada.art)

“Бақытыңыз баянды болсын” , “Сіз бақытты болуға, махаббатқа лайықтысыз”, “Сіз орамалмен ойнамайтын шығарсыз деген ойдамын” , “Неге оранып алғансыз” , “Жолдасыңыз кім болды екен?”, “Күйеуіңізді қашан көрсетесіз”, “Отағасы туралы неге ештеңе айтпадыңыз”, – деп жазуда көпшілік.

 

kaz.nur.kz

 

Рубрика: