АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Анау Дина Төлепберген жүргізетін бағдарламаны жек көрем» — танымал журналист [:]

[:kz]

 

«Қазақстан» РТРК» АҚ -ның журналисті Жанар Оразымбет белгілі тележурналист Дина Төлепбергенді өткір сынға алды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

— Анау Дина Төлепберген жүргізетін бағдарламаны жек көрем. Динаның жүргізушілігі, журналистігі туралы айтып отырғам жоқ. Жалпы жоба жайлы айтпағым.

Баяғыда Ресей арналарының бірінде Дмитрий Нагиев жүргізетін бір бағдарлама бар болатын. «Окна» ма еді, ұмытып қалдым. Орыстар бірінің артын бірі ашып жататын. Бірақ енді олар орыс қой. ( «Орыс ойына келгенін істейді». ) Мына бағдарламаны көрсем, түңіліп, жүйкем жұқарып кетеді. Өңкей бір ұяттан безген, шетінен арсыз, намыс дегеннен жұрдай біреулер. «Ол енді шындық қой. Шындықтан безіп қайда барамыз?!» дейтін шығарсыздар. «Ауруын жасырған өледі» дерсіздер. «Енді қоғам сондай боп тұрса..» деп ақтауға тырысарсыздар. Жобаны. Білмейім. Сондай сорақы дүниелерді көрсетпей-ақ қойған жөн бе деп ойлаймын бір есептен.

Онсыз да шаршаған, қиюы қашқан тірліктен жүйкесі тозған адамдарды психологиялық, моральдық тұрғыдан жаныштай берудің қажеті не? Ал енді бағдарламаға бейкүнә балаларды қатыстырып, олардың жауапсыз ата-аналары, жалпы үлкендер жайлы пікірлерін сұрап жатқанда тіптен жыным келеді. Жаным ашиды балаларға.

Сондай бір бейшара кейіпкерлерді қайдан тауып алады екен деп ойлаймын кейде. Бұрындары адамдар ондай бағдарламаларға қатысудан ат тондарын ала қашушы еді. Қазір намыстанбайтын болған ба ? Ал айтыңыздаршы, сол бағдарлама көрерменге не беріп жатыр, ал?! Біреудің сұрықсыз өмірі, аянышты тағдыры, аяққа тапталған ары, жігіттің жігерсіздігі, қыздардың намыссыздығы, жетімнің көз жасы, перзентінен безген тасбауыр ана,  шарасыз әке, дәрменсіздік — дейді Жанар Оразымбет.  Еске сала кетейік, Дина Төлепберген қазіргі таңда КТК арнасындағы «Астарлы ақиқат» бағдарламасын жүргізуде. Бұл бағдарламаның соңғы саны «Құлдықтағы королева» деген атаумен шыққан болатын.

www.oinet.kz

 

[:]