25 апреля, 2020 Comments Off on «Анаған «хоп», мынаған «жарайды» дейсің»: Асылхан қажы садағаға қол сұғатын «имамдарға» қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

«Анаған «хоп», мынаған «жарайды» дейсің»: Асылхан қажы садағаға қол сұғатын «имамдарға» қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

Білікті журналист Аман Тасыған Youtube арнасындағы "Talklike" жобасында имаммен бұрын-соңды айтылмаған әңгіменің басын қайырды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Рамазан айының алғашқы күнінде жарияланған бағдарламада журналист Асылхан қажы Өмірзақұлымен сұхбаттасты. Имамның айтуынша, халықтың имамы әлсіреп, шектен шығып кеткендіктен, барлығын тәубаға түсіру мақсатында Алла Тағала вирус сынағын жіберген. Ол сынаққа шыдамдық танытқан адамға ғана ауру-сырқау жоламайтынын ескертті.

Сұхбат барысында имам оразаны да үйден ұстап, үйден дұға етуге болатынын да айта кетті. Және ол жалпы Рамазан айына қатысты маңызды сұрақтарға жауап берді. Төменде бірнеше сұраққа берілген жауапты сіздерге ұсынуды жөн көрдік.

Ж: Ораза ұстаған жағдайда иммунитет төмендеп кетпей ме?

И: Денсаулығыңыз жақсы болса, ораза ұстауға болады. Бастысы ниетте. Егер дәрігер денсаулығыңда ақау бар, ұстауға болмайды десе, тыңдаған жөн.

Ж: Оразаға 40 күн бұрын дайындалу керек пе? 1-2 күн бұрын арақ ішкен адам дұрыс ниеттенсе, ораза ұстай ала ма?

И: Алладан ішіп-жегеніне шын мәнінде кешірім сұраса, қабыл болуы мүмкін. Бірақ ораза біткеннен соң, арақ ішуін жалғастырса, өзін және исламды ойыншық қылғаны. Бекерге аш қалудың керегі жоқ мұндай жағдайда.

Ж: Өткен жылдан қарыз болған адамдар өтеуге ұмытып кетсе, ораза ұстай ала ма?

И: Әрине, ораза біткесін былтырдан қалған қарызын жалғастырып ұстауына болады.

Ж: Әзіл-сықақ театрлары имамдарды әзілге айналдыра бастады. Имамдардың кемшілігінің нәтижесінде туған әзілдер ме?

И: Олардың айтып жатқан сөздерінің жаны бар. Театрлар имамдардан кеткен кемшіліктерді түзесін деген мақсатта айтқан болуы мүмкін. Қажылыққа барып келгендердің кейбірі кеудесін керіп жүру керек деген сөз емес. Сын деп қабылдауға болады, бірақ дінмен ойнауға болмайды.

Ж: Қазіргі имамдарға көңіліңіз тола ма?

Бұрын аса дайындықпен қабылдайтын имамдарды. Қазір ақшасы барлар да имамдық қызметке келіп жатқан шығар. "Қарға қарғаның көзін шұқымайды" дейді емес пе, білімді, жас имамдар да бар. Оларға тіл тигізбей-ақ қояйын.

Ж: "Асыл арна" телеарнасымен бір мақсатта жұмыс жасайсыздар ма?

Негізі діни басқарманың бөлек арнасы болуы тиіс. Біреуге тәуелді болмай. Қазіргі уақытта келісімдері бар шығар.

Ж: Хиджаб мәселесіне тоқталсақ...

И: Парызды орындау - міндет. Хиджабта жүрген адамдарға шеш десем, мен күнәһар боламын. Мектеп оқушыларына түсіністікпен қарау керек, заңға бой ұсыну керек. Мектептің өзіне тән формасы бар. Бастысы қоғамға іріткі салмаса болғаны.

Ж: Елімізде "дін - саясаттың құралына" айналып кетпеді ме?

И: Қазір дін министрлігі бар, әкімшілік бар, мүфти бар. Әркім өзінше азғырады. Анаған да "хоп" дейсің, мынаған "жарайды" дейсің дегендей ғой. Саясатқа құл болатындай жағдайға жеткен жоқпыз. Дегенмен, дін - саясаттан дербес емес. Ананы-мынаны талап етеді.

Ж: Садағаға қол сұғатын имамдар да бар дегенді естіп қалып жатамыз. Сіз қалай ойлайсыз?

Садаға - бәлені қайтарады дегенді білдіреді. Әр адам өзінің жаны үшін береді садағаны. Жәшікті ашатын комисся болады. Бірнеше адаммен, камераның қадағалауымен ғана ашылады ол жәшіктер. Жәшіктен шыққан ақша бірге саналып, мешіттің коммуналдық қызметіне, кейін қажеттіліктерге бөлінеді. Сондықтан оған қол сұғады деп ойламаймын. Мешітте жемқорлық жоқ. Алла, одан кейін бейнекамера көріп тұр.


Комментирование закрыто.