Отандық танымал тележүргізуші Аша Матай алғаш рет қалың көпшілікке кенже қызы Айымның түрін көрсетті. Ақпарат өкілі әлеуметтік желіде екінші перзентімен түскен суретін жариялап, оқырмандарын тәнті етті деп жазады KAZ.NUR.KZ. Аша Матай кішкентай қызымен түскен суретін Instagram парақшасында бөліскен. Бұған дейін жұлдызды отбасы Айымның түрін барынша жасырып, елге көрсетпей келген болатын. Алайда, араға бір жыл тастап, ерлі-зайыптылар көпшілікті екінші перзентімен таныстыруды жөн көрген. Фотода тележүргізушінің сәбиін көтеріп тұрғанын көруге болады. Белгілі болғандай, анасы мен баласы арнайы жарнама түскен. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Asha Matai❤❤❤❤❤KZ (@asha_matai)

“Міне бір жылдан астам уақыт бойы біздің үйде екі сәбидің күлкісі мен сыңғыры үзілер емес, Аллаға шүкір. Осы бір жарым жыл ішінде өте көп қуанышты жағдай болып, менің ана жүрегім әлі қуанышқа толы. Біздің Айым кішкентай жұлдызға айналды – біз бренд амбассадор атандық. Қызым өзінің алғашқы үлкен жарнамалық фотосессиясын керемет атқарып шығып, бүкіл түсірілім тобының жүрегін жаулап алды. Сіздер тек мына суретке қараңыздаршы” , – деп жазды Аша Матай суреттің астына.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Asha Matai❤❤❤❤❤KZ (@asha_matai)

“Қуыршақ” , “Анасының көшірмесі”, “Әкесіне көбірек келетін секілді” , “Қандай тәттісіздер” , “Өте жылы сурет” , “Қандай керемет фото шыққан. Аша сондай бақыттысыз” , “Екеуіңіз де өте әдемісіздер” , – деп жазуда көпшілік.

kaz.nur.kz

Рубрика: