АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ан-148 апатқа ұшырар алдында ұшқыштар бір-бірімен ұрысқан[:]

[:kz]

MOSCOW REGION, RUSSIA — FEBRUARY 11, 2018: Pictured in this file image is a Saratov Airlines Antonov An-148 plane, registration number RA-61704. The passenger plane with 71 people on board bound for the Ural city of Orsk crashed minutes after taking off from Domodedovo International Airport on February 11, 2018. File image/Marina Lystseva/TASS
Россия. Московская область. 11.02.2018. Пассажирский самолет Ан-148 «Саратовских авиалиний» с бортовым номером RA-61704. Пассажирский самолет Ан-148 «Саратовских авиалиний» потерпел крушение после вылета из московского аэропорта Домодедово в Орск. Фото из архива октябрь 2017 года/Марина Лысцева/ТАСС

Ұшақтың көрсеткіш құрылғылар істен шығып, ұшқыштар шарасыз күйге түскен

Мәскеу түбінде құлаған Ан-148 ұшағының өздігінен жазатын құралындағы жазбалар оқылды, деп хабарлады «Коммерсантъ» газеті Ресейдің Тергеу комитетіне сілтеме жасап.

Жазба өте қысқа екені айтылған. Қара жәшік бұзылып қалғандықтан, қалпына келтіруге бірнеше күн кетіпті.

Деректерге сүйенсек, ұшқыштар жылдамдықтың әртүрлі көрсеткішіне бола ұрсысқан екен. Көрсеткіштердегі жылдамдық шын мәнісінен төмен болып жазылған.

Ұшақ 2 мың метрге көтерілсе де, бір ұшқышта жылдамдық 200 км/сағ, екіншісінде мүлдем нөл деп көрсетіліпті. Ал лайнердің шын жылдамдығы ол кезде 600 км/сағ болған. Жылдамдықтың неге әртүрлі болғанын түсінбеген экипаж тиісті жылдамдық алу үшін ұшақты төмендетіп, салдарынан жерге құлаған екен.

Ұшар алдында неге екені белгісіз қабылдағыштардың жылыту жүйесі сөніп қалыпты, соның салдарынан жылдамдықты көрсететін құралдар дұрыс істемеген, деп санайды мамандар.

11 ақпанда Домодедоводан ұшып шыққан «Саратовские авиалинии» компаниясының Ан-148 ұшағы Ор қаласына бет алған еді, алайда екі минут өтер-өтпесте апатқа ұшыраған. Бортта 65 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Бәрі қаза тапты.

Read more: https://sputniknews.kz/incidents/20180216/4626044.html

[:]